Қоғам

ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН

Бұл кезектен тыс өткен сайлау еліміз үшін өте маңызды шара деп білемін. Үміткерлер арасында Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіп шықты. Президентімізге халық үлкен сенім артып отыр, ел болашағын жарқын етер деген үмітте бүкіл ел болып отырмыз.

Біз жастар – қоғамның қозғаушы күшіміз. Әрбіріміз «Қазақстан» атты шаңырақтың иесіміз. Сондықтан баршамыз еліміздің бірлігі, тұтастығы, тыныштығы жолында үлес қосуымыз қажет. Әр адам жаңаруды, өзгерісті өзінен бастап, қоғамда болып жатқан әрбір игі істе белсенділік танытатын болса Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі биіктей түседі.

Баршаңызды ел Президентімен бірге тәуелсіз Отанымыздың дамуы үшін үлес қосуға шақырамын.

Абзал БЕКТАСОВ,                                    Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Түркістан облысы

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК ҮШІН ТАҢДАУ ЖАСАДЫҚ

Алдыңғы

САЙЛАУ АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *