ЖаңалықтарҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҰРҒЫН МЕРЕЙЛІ 63 ЖАСЫН САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

Бүгін елімізде Президент сайлауы басталды. Таңғы 07:00-ден басталған науқанға Созақ ауданының тұрғындары да белсене ат салысуда. Атап айтсақ, Таукент кентінің тұрғыны Байдос Саховтың зейнет жасына толуы сайлау күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Ол өз туған күнінде сайлауға қатысып, учаскелік сайлау комиссиясы тарапынан естелік сыйлық алды. Еліміз үшін маңызды күнде таңдау жасауды азаматтық борышым дейді зейнет жасына жеткен азамат.

– Бүгінгі еліміздегі аса маңызды саяси оқиға мен менің зейнет жасыма келуім қатар болуы мен үшін ұмытылмас сәт болып отыр. Өмірімнің жаңа белесін Конституциямыздағы саяси құқығымды пайдаланудан бастауды шешіп, сайлау учаскеме келіп, өз таңдауымды жасадым, — деді Таукент кентінің тұрғыны.

Сонымен қатар, көпбалалы ана Ақнұр Жандилдаева да дауыс беруден тыс қалмады.

– Елімізде болып жатқан өте маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымды жасадым. Себебі, әр азаматтың дауысы — маңызды, — дейді ардақты ана.

Одан бөлек, Созақ ауданының тұрғыны, 90 жастан асқан қария Дадабеков Мами №693 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, ел жастарына батасын берді.

Айта кетейік, Созақ ауданында 39 сайлау учаскесі және 35 929 сайлаушы бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮЛКІБАСТЫҚ ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІ ДЕ САЯСИ НАУҚАНДА ӨЗ БЕЛСЕНДІГІН ТАНЫТТЫ

Алдыңғы

МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ДАУЫСЫМ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *