Биыл 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан талапқа сәйкес 6 үміткерді тіркеді. Қазіргі таңда үміткерлердің сенімді өкілдері айқындалып, қарқынды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, алдағы Президент сайлауы – еліміздің болашағына әсер ететін маңызды оқиға. Сондықтан, осындай тарихи шақта ел тағдырына бей-жай қарамай, саяси науқанға белсене қатысу – барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білемін.
Дана халқымыз «Бірлікті ел бұзылмас» – деп айтқандай, осындай айтулы сәтте барлығымыз жұмылып, сайлауға белсенді қатысып, еліміздің кемел болашағы үшін өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.
Жеңісбек МӘУЛЕНҚҰЛОВ,
Түркістан облыстық Ардагерлер алқасының төрағасы
Comments