ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «Өскемен ГЭС АЭС» ЖШС ұжымымен кездесті. Сайлауалды бағдарламасының қысқаша таныстырылымынан кейін М. Қажыкен станция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Бұған дейін президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Өскемен қаласына барып, Шығыс Қазақстан ауруханасы диагностикалық орталығының қызметкерлерімен кездескенін және «Восток молоко» корпорациясына барғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, кандидат «Каравай» ЖШС ұжымымен де кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.
Comments