ЖаңалықтарРуханият

Киелі туризм саласындағы білім беру мекемелерінің халықаралық ынтымақтастығы

Бүгін Түркістан қаласы Халықаралық туризм және қонақдостық университеті «Ескерткіштерді қорғайтын» Құнды мұра, қасиетті орындар мен тұрақты туризм бойынша халықаралық конференция аясында ұйымдастырылған «Киелі саласындағы білім беру мекемелерінің халықаралық ынтымақтастығы» панельдік сессиясын өткізді.

Панельдік сессияда туристік аумақтар, қызметтер, қонақжайлылық индустриясындағы жаңа өнімдерді дамыту тәсілдерін түбегейлі қайта қарау, сондай-ақ маршруттар, экскурсияларды жасақтау, гидтер мен нұсқаушыларды қайта дайындау, саланы цифрландыру және еліміздің туристік әлеуетін ілгерілетуге қатысты міндеттер талқыланды.

Halykaralyk tourism jәne meymandostyk universitén baskarma toragasy — rector Айдос Сәкенов сессия жұмысына кірісіп кетті, Конференция қатысушылары және қонақтарымен сәлемдесті. Баяндамашы халықаралық және қазақстандық білім беру мекемелерімен, сондай-ақ салалық сарапшылармен тәжiрибе алмасу – туризмде дамытуда ерекше рөл атқаратын атақ өттi.

«Қазіргі таңда Университет Amity University (Дубай), The Emirates Academy of Hospitality Management (БАӘ), Чангду универистеті (Қытай), The Institute of Tourism and Hotel Management (Австрия), The Taylor`s University (Малайзия), Antalya Bilim University (Түркия) және басқа да білім беру орындарымен ынтымақтастық туралы келесім жасаған. Университеттің ЮНЕСКО және БҰҰ UNWTO сынды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы белсенді жүріп жатыр. Білім ордасының жоғарыда аталған халықаралық ұйымдар, Les Roches және SHL қонақжайлылық мен қонақ үй бизнес саласындағы швейцариялық менеджмент мектептерімен қарым-қатынасы, сондай-ақ оның жанынан  UNWTO орталығының ашылуы – Университетке өңірде лидер атануға, сонымен қатар Португалия мен Испаниядан кейінгі әлемдегі үшінші осындай білім беру орталығына айналуға мүмкіндік береді», – деді Айдос Сәкенов.

2020 жылы бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салған короновирус пандемиясы көптеген салаға, соның ішінде туризм саласына өзгеріс енгізді. Түркия Мәдениет министрінің кеңесшісі Хурриет Ерсой сессияда пандемиядан кейінгі туризмнің жай-күйі мәселелерін көтеріп, Түркия мен әлемдегі зиярат ету туризмінің үлгісі бойынша Түркістандағы киелі туризмнің дамуына тоқталды.

«1993 жылы Түркияның діни туризмді дамытуға бағытталған жобаларында бүгінгі күнге дейін сақталған үш ірі діннің ғибадатханалары мен мүліктерінің түгендеуі іске асырылды. Бұл орындар туристік агенттіктердің тарапынан туристік бағдарламаларға енгізілді. Осы жоба бойынша Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік өкілдері қатарынан туризмнің барлық бағытында жұмыс жүргізетін комитет құрылды».

Әзербайжан туризм және менеджмент университетінің факультет деканы Бахадүр Біләлов Әзербайжан Республикасындағы діни туризм жайында айтып өтті.

«Әзербайжанда мемлекеттік саясат деңгейінде мультимәдениеттілік, толеранттылық және діни төзімділіктің дамуы ел мемлекеттілігінің ежелгі тарихына және осы дәстүрлердің дамуына негізделген. ХХ ғасырдың аяғында ұлттың лидері Гейдар Әлиевтің күш салуының арқасында бұл саяси қозғалыс мемлекеттілік идеологиясының формасына ие болды, толеранттылық пен мультимәдениеттілік дәстүрлері қалпына келтірілді».

М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ университеті студенттер арасында рухани-патриоттық тәрбиеге, ұлттық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Оқу материалын түсіну мақсатында студенттер Отанның киелі орындарында тарихи-туристік экскурсияларға қатысады және еліміздің түрлі өңірлеріндегі Қазақстан тарихының белгілі бір кезеңдерінің деректеріне тереңнен бойлайды.

«Тарихи орындарға сапарларды жүзеге асырудан бастап студенттеріміз шығыстағы Жидебайдан, батыстағы Ақтауға дейін, солтүстіктегі Бурабайдан, оңтүстіктегі Түркістанға дейін еліміздің барлық өңірін дерлік аралап шықты. Осылайша өскелең ұрпақ өткенмен сырласып, өздерін ата-бабалардың ұлы мұрасының бір бөлігі ретінде сезінеді», – деді М. С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ университетінің т.ғ.к., профессоры Лепуда Мұқатаева.

Киелі орындарға бару туризмі – саяхаттаудың ең ежелгі түрі, сонымен қатар туризмнің жаңа қарқын алып жатқан түрі. Киелі туризм деп қасиетті орындар, діни, мәдени және археологиялық объектілерді (қорғадар, мегалиттер, таңбалы тастар, обалар, хибадатханалар)  аралауды, киелі орындар бойынша діни-экологиялық маршруттар мен турлар өткізуді атайды. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасы жөнніде ұлттық комиссиясының мүшесі, Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастығы федерациясының (WFTGA) Ұлттық тренері Бақытхан Оразымбетова киелі туризм және осы тақырып бойынша болашақ мамандарды дайындау мәселесін көтерді.

«Қазіргі кезде еліміздің экономикасын дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі – ішкі және келу туризмін ұйымдастыру болып отыр. Осыған байланысты экскурсиялық қызметтің негізгі қайраткерлері – экскурсияшылар мен гид-аудармашылардың кәсіби дайындығы ерекше өзекті екені түсінікті. Экскурсиялық жұмыс – кәсіби қызметтің ерекше түрі. Ол белгілі бір талаптар жиынтығына сәйкес келуі керек.  Мұндай маманды дайындаудың көрсеткіші оның педагогикалық шеберлігінің дәрежесі саналады. Өйткені экскурсияшы маман әдетте экскурсияға қатысушыларға қатысты белгілі бір білімнің педагогі, таратушы және ретрансляторы ретінде әрекет етеді».

Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің Біліктілікті арттыру және қайта дайындау институтының директоры Ирина Шеститко сессия тыңдаушыларын Беларусь Республикасының мәдени және рухани мұрасын игеру саласында туристік бағыттарды таныстырып, тарихи орындар туралы ақпарат берді.

«Беларусь әлем тарихындағы ірі соғыстардың хроникасына енді. Беларусьте атақты ұрыстар өткен және түрлі кезеңдегі ұлы трагедиялар өрбіген орындарға баруға, көптеген ұлттың ұл-қыздары қаза тапқан жерлерге барып еске алуға, тарихи фестивальдар мен реконструкцияларға қатысуға болады», – деп атап өтті Беларусь қонағы.

«Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ директоры, «Қазақстан қонақ үйлері мен мейрамханалары қауымдастығы» ЗТБ президенті Рашида Шайкенова тұрақты даму критерийлері арқылы киелі мұраны сақтау және дамыту мәселелеріне тоқталды.

Ташкенттегі  Сингапур менеджментті дамыту институтының туризм және қонақжайлылық мектебінің директоры Гүлноза Усмонова «Өзбекстан жастары арасында киелі және зиярат ету туризмін дамыту деңгейін қабылдау» тақырыбында баяндама жасады.

«Білікті мамандардың басқа елдерге кетуін тоқтату үшін дамушы елдер алдымен  ел тұрғындары, әсіресе жастар үшін өз елінің имиджін жақсартуы керек. Бұл жағдайда туризм саласы Өзбекстанды жастардың келуі немесе оралуына тартымды етуге көмектеседі. Бірақ туризм жастардың көші-қонына әкелетін әлеуметтік-экономикалық шеңберді толығымен жоя алмайды. Үкіметтер жастар үшін қолайлы жағдай жасауы тиіс», – деп атап өтті Гүлноза Усмонова.

Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ф.ғ. к., доцент Гүлзамира Айтбаева қоғамның санасын жаңғырту контекстінде Қазақстанның киелі географиясы, мәдени-географиялық мұрасының қазіргі жай-күйінің проблемаларына және олардың ҚР туристік нарығында даму перспективаларына тоқталды.

«Қазақстанның тарихи-мәдени және туристік әлеуетін зерттей отырып, туристік соқпақ жолдарды жобалау және ұйымдастыру технологиясын қолдану негізінде Қазақстанның киелі нысандары бойынша туристік маршруттардың технологиялық карталары әзірленді. Сондай-ақ, Қазақстан аумағын киелі туризмді дамыту бойынша аудандастыру жүргізілді. Киелі туризмнің ерекше ерекшелігін түсіну – киелі туризмді зиярат ету туризмінен ажыратуға мүмкіндік береді», – деді Гүлзамира Жолдасбекқызы.

Сессияда цифрлық әлемінің жаңа көкжиегі туралы Халықаралық жастар институтының (Ташкент, Өзбекстан) президенті Анисет Габриэль Кочофа айтты:

«Туризм мен мәдени мұраға жастар мен цифрландыру тұрғысынан қарау маңызды. Туризмді дамыту және мәдени мұраны сақтау жастардың мүддесі және цифрлық технологияларға тікелей байланысты болуы керек».

 

Сессия соңында Түркістан қаласы Халықаралық туризм және меймандостық университеті мен мына ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды:

  • Қырғыз Республикасы Бішкек қаласы «Ресей Федерациясының тұңғыш президенті Б. Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университеті» Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру мекемесі;
  • Қырғыз Республикасы Бішкек қаласы Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті;
  • Қырғыз Республикасы Батыралы Сыдықов атындағы Қырғыз-Өзбек халықаралық университеті;
  • Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы Сингапур Менеджментті Дамыту Институты.

Қол қою рәсімінен кейін тараптар меморандум шеңберінде тығыз ынтымақтастыққа дайындығын білдіріп, жемісті жұмыс атқару, сондай-ақ алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда бір-біріне табыс тіледі.

 

 

ТҮРКІСТАНДА «ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАЙТЫН ХАЛЫҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

ЮНЕСКО бастамасымен Түркістанда әлемнің 20 елінен 60 халықаралық сарапшы конференцияға жиналды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *