ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН: БАЙҚАУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ 10 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ  

Түркістан облысында 1 163 860 дауыс беруші, 919 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде 26 орын жабық учаске болып саналады. 919 сайлау учаскесінде жұмыс істейтін 6251 байқаушының тізбесі жасақталып, құзырлы органдармен тексерілді.

Байқаушылардың заң шеңберінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері 14 қазаннан бастап байқаушыларды оқыту семинарларын бастады. Оқыту семинарлары 10 қараша күні аяқталады. Бүгінгі күнге дейін 3368 байқаушы оқытылды.

Айта кетейік, 21 қазанда елімізде сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады. 19 қараша — сайлау алдындағы тыныштық күні. Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді.

Еске салсақ, дауыс беру 20 қарашаға белгіленген. Президент жеті жылға сайланады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАН: САЙЛАУ ЖАЙЫНДА АҚПАРАТ БЕРЕТІН 258 БИЛБОРД ОРНАТЫЛДЫ

Алдыңғы

БИЛІКТІҢ БІРДЕН-БІР БАСТАУЫ — ХАЛЫҚ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *