Басты ақпарат

ОСК: ТМД БАЙҚАУШЫЛАР ТОБЫМЕН ОНЛАЙН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров онлайн форматта ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Дмитрий Кобицкий бастаған байқаушылар тобымен кездесті.Кездесуге Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Шавкат Өтемісов пен Анастасия Щегорцова, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары Бақыт Бектемісова, Жанна Асанова, сондай-ақ демократия, парламентаризм және азаматтардың сайлау құқығын сақтау жөніндегі Халықаралық байқаушы институтының директоры — ТМД ПАА кеңесі хатшылығы басшысының орынбасары Иван Мушкет қатысты.

Н.Әбдіров байқаушыларды сайлау науқанына дайындық барысымен, оның негізгі кезеңдері туралы хабардар етті, сондай-ақ осы уақытқа дейін президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталғанын және штабтар сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Дмитрий Кобицкий Ортсайлаукомға кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. ТМД ПАА өкілдері Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын әзірлеу мен өткізуге, оның ішінде кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайыстарын ұйымдастыру мен өткізуге, сайлаушылар санына, берілген есептен шығару куәліктерінің санына, сайлау комиссияларының дауыс беру күніне дайындығына қатысты түрлі сұрақтар қойды.

Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров ТМД ПАА байқаушыларын Ортсайлаукомның отырыстары мен оқыту іс-шараларына қатысуға шақырды, сондай-ақ өздерін қызықтырған мәселелер бойынша ОСК мүшелерімен және аппаратымен кездесулерін өткізуге дайын екенін жеткізді.

ТМД ПАА өкілдері ҚР ОСК жанынан құрылған Сарапшы кеңестің жұмысына онлайн форматта қатысуға мүдделілігі мен дайындығын білдірді, сондай-ақ жастардың сайлау белсенділігін арттыру бойынша бірлескен жобаларды пысықтауды ұсынды. Кездесу соңында екі тарап сайлауды ұйымдастыру мен өткізу және оларды байқау бойынша жұмыстарға өзара табыс тіледі.

Сайлау комиссияларына әдістемелік көмек көрсету, электоралдық оқыту үдерісін үйлестіру және дауыс беру күніне олардың дайындығын анықтау үшін сайлау учаскелеріне бару мақсатында Ортсайлауком мүшелері ел өңірлеріне сапарларын жалғастыруда.

Өңірлерде Ортсайлауком мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдардың, кандидаттардың сайлауалды штабтарының, саяси партиялар мен БАҚ өкілдерімен семинар-кеңестер өткізді. ОСК мүшелері қатысушыларды Президент сайлауын дайындау мен өткізудің ерекшеліктері туралы хабардар етті. Сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктері, президенттікке кандидаттарды ұсыну және тіркеу қорытындылары, мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, электоралдық оқыту және басқа да мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.

Өз кезегінде уәкілетті мемлекеттік органдар ОСК мүшелеріне өңірлерде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сайлау үдерісіне қатысушылардың сайлау заңнамасын заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сайлау бюллетеньдерін күзету және жеткізу туралы баяндады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан конфессияаралық келісім отаны

Алдыңғы

САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА ТҮРКІСТАНДА ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *