АймақӘлеуметҚоғам

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЛЕШЕГІНЕ СЕРПІН БЕРЕТІН ҮЛКЕН ҚАДАМ

Бүгін Президент Жолдауында өскелең ұрпақтың болашағына байланысты үлкен мәлімдеме жасалды. Ұлттық Қордың жылдық табысының 50 пайызы Қазақстандық әр баланың шотына аударылады. Әр балаға!
2024 жылдан бастап Қазақстандық азаматтардың шотына 18 жасқа толғанша Ұлттық қордың белгілі бір төлемі аударылып отырады. Ол ақшаны бала 18-ге толғанша шеше алмайды. Бала 18-ге толған соң ол қаржыны білім алуға немесе баспана алуға жұмсайды. Бұл жас ұрпақтың болашағына, Қазақстанның келешегіне серпін беретін үлкен саяси қадам! Бала күтіміне төленетін төлем бұрын бір жасқа дейін болатын. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Бұл ауқымды бастаманы пысықтау үшін жаңа жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын», — деді Президент. Бұл біздің жеңісіміз! Бұл ұсынысты Президентке, Үкіметке жеткізуге Талбесік ұйымы да үлес қосқан.
Жастарды қолдау мақсатында жастарға жылдық өсімі 2,5% болатын несие болады. Бұл жеңілдік елге қызмет ететін жас азаматтарға зор қолдау!
Әр отбасының әлеуметтік жағдайы бір базада жинақталады. Қағазбастылықтан құтыламыз.
Жекеменшік жоғары оқу орындары мемлекеттен грант алғысы келсе жатақхана салуы тиіс. 800 мың оқушыға заманауи мектепттер салынып, апатты-үш ауысымды мектептер толық жойылады. Жекеменшік балабақшаларда тәрбиешілер аттестациядан өтіп, жалақысы өседі. Бүгінгі Жолдау шынымен де Жаңа Қазақстанның іргетасын қалаған Жолдау болды.
Президент Жолдауы — Қазақстанда саяси өзгерістерді ашық деп жариялады. Қазақстанды бірге құруға, қолдауға даярмыз!
Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызы
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Түркістан облыстық Аналар кеңесінің төрайымы

МҰНАЙДЫҢ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ЕМЕС, АУЫЛДЫҢ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫ БАЙЫТУ КЕРЕК…

Алдыңғы

Бұл Жолдау — Жаңа Əділетті Қазақстан құру жолындағы мықты қадам

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *