АймақЖаңалықтарМәдениет

ТҮРКІСТАН-БАУЫРМАЛ ҚАЛА

Түркі әлемі үшін-Түркістан қаласы қашанда қасиет тұтар құтты мекен. Соның дәлелі ретінде бүгін Шешенстан Республика волейбол федерациясының вице-президенті Болотбаев Муслим Русланович бастаған делегация Түркістан облысына арнайы іс-сапармен келді. Қазақ-шешен халқы бауырлас ел ретінде әрқашан ынтымақ-бірлікте өмір сүріп келеді. Ұлттық мәдени байланысты нығайту мақсатындағы өзара әріптестік байланыс болашақта да беки түсері анық. Түркістан халқының риясыз пейілі мен қазақы қонақжай көңіліне дән разы болған Шешенстандық делегация өкілдері Әзірет-Сұлтан кесенесіне зиярат етті.
Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Қазақстан халқының бірлігі мен жарасымды тірлігіне тәнті болған Шешенстандық қонақтармен бір топ этнос өкілдері де кездесіп, пікір алмасты.
Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Ирисметов Бахадыр,
Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Медедов Усейн, Түркістан облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Дециев Уси Османович қазақ елі мен қазақ жеріндегі татулық пен тұрақтылық көпке өнеге екенін және күн сайын көркейіп келе жатқан көне Түркістанның болашағы жарқын екеніне сенім білдірді.
Сондай-ақ, Шешенстандық делегация өкілдері күмбезді Түркістанның көркін ашқан тағы бір нысан «Керуен сарай» көпфункцияналды туристік кешенін аралап, түркістандықтардың меймандос пейілдеріне алғыстарын айтты. Иә, Түркі жұртына бауырмал болған Түркістан қаласы жайнап-жасай берсін!

ТҮРКІСТАНДА “МЫҢ БАЛА” ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ — 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *