АймақЖаңалықтарҚоғам

Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болып өтті.
Отырысқа Түркістан облыстық этномәдени бірлестіктердің, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ахымбетов Бақыт Сарсенбайұлы жүргізді.
Отырыста Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі Батырхан Сансызбаев, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Тұрсынай Өсерова, Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жастар қанатының мүшесі Санжар Апсен сөз сөйледі.
Жиында Б.Ахымбетов өңірімізде қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті қамтамасыз етуде, татулық пен достастықты насихаттауда жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының мараптаттарын тапсырды.
Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сафаров Сарманбай Кочалиевич Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Урунбаев Жанғали Нұрсейітұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының жетекшісі Әмірбек Ерсұлтан, Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Жұманова Нышанкүл Абылайқызы, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының бас маманы Оралбеков Тимур Кұрбанұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаттарымен марапатталады.
Бақыт Сәрсенбайұлы марапат иелерін құттықтап, олардың алдағы істеріне сәттілік тіледі.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Баспсөз қызметі.

«ЖОМАРТ ЖАН» ТӨСБЕЛГІСІ -ТҮРКІСТАНДА

Алдыңғы

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ — ЖАҢАРУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *