/Жауын шашын салдарынан туындаған су басу жағдайлары туралы/
2022 жылғы 29-30 қазандағы жауын-шашын салдарынан Қаратау ауданы аумағында су алудың қауіпі бар аумақтарда Қаратау ауданы әкімі аппараты мен төтенше жағдайлар басқармасының кезекшілері жұмыла жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, Ақжайық шағынауданы Еділбаев көшесі, Тассай т/а Атбасар көшесінде су жиналып тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, басқа су басу қаупі бар аумақтар (Нұртас шағынауданы Шұғыла көшесі, Бозарық 2 Адыраспан көшесі, Қайнарбұлақ т/а жаңақұрылыс, Бозарық 3 Ақбілек көшесі, Бозарық ш/а Жосалы көшесі, Тассай тұрғын алабы Әуезов көшелері, Тұран ш/а жаңақұрылыс амағы, Қайнарбұлақ т/а жаңақұрылыс аумағы)тұрақты бақылауда.
Бұл жұмыстарға арнайы «Жаңа арна 2022» ЖШС тарапынан 15 техника, су сорғыш құралдар, 4 мотопомпа және 50-ге жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.
Comments