Ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан аумағында су басу қауіпі бар аумақтарда әкімшілік қызметкерлері мен мердігер мекемелерден арнайы кезекші бригадалар ұйымдастырылды.
Әл-Фараби ауданында құрылған кезекші топ аудан аумағындағы Сәуле шағын аудандарындағы жеңістің 50 жылдығы, Тұмарлы, Зерделі және Байдала т.б. көшелеріне арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмысын жүргізуге дайын.
Бұл жұмыстарға » Build Stroi» ЖШС арнайы 10 техникасы, су тартатын 10 мотопомпа, және 30 жуық жұмысшы қызметкерлері жұмылдырылған.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерде су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.
Comments