ҚоғамСаясат

САЙЛАУДА АЗАМАТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІМІЗ БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Бұл Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері өткізілген жетінші президенттік сайлау және 1999 жылдан бері қатарынан алтыншы кезектен тыс сайлау болмақ.

Мемлекет басшысы Парламенттің кезекті сессиясында халыққа жолдауында айтқандай «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» деп өз сөзінде нақты жеткізді. Яғни, Президенттің кезектен тыс сайлауы, мемлекетіміздің оң өзгерістерге ұласып дамуына өте үлкен үлес қосады.

Сайлау — азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны. Бұл сайлау демократиялық қоғамда мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырады, үкімет пен басқарушы саяси партияның саясатын бағалайды, мемлекеттің қызметіне қоғамның бақылау жасауына мүмкіндік береді, саяси жанжалдың алдын алады. Осы міндеттер атқарылуы үшін сайлау жалпыға бірдей, тең және ерікті түрде өтуге тиіс. Президент сайлауы біздің еліміздің бірлігі мен тұтастығының, азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн. Елімізге жаңа серпін әкеліп ғана қоймай, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік береді.

Еліміздің тағдыры үшін аса маңызды саяси науқанда әрбір азамат сайлауға белсенді қатысып, өз дауысын беруі керек деп ойлаймын. Өйткені бұл науқан әр азаматтың өзінің тағдырына ғана емес, ел тағдырына да әсер етпек. Сондықтан әрбір азаматтың дауысы өте маңызды! Сайлауда әр азаматтың таңдауы маңызды.

Алмас Алтайұлы Салимов,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты!

БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Алдыңғы

САЙЛАУ-2022: НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ АҚТӨБЕДЕГІ ПРОБЛЕМАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ АРАЛАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *