Басты ақпарат

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесі құрылды

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 16-5) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы шығарды. 

Қаулыда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңес құрылатыны жазылған. Оған қоса Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңес туралы Ереже бекітіліп, Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңестің құрамы жасақталды.

Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық-әдістемелік кеңес туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 7/184 қаулысының күші жойылды деп танылатыны жазылған.

2022 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА «ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАЙТЫН ХАЛЫҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *