Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 300 ТҮП ШЫРША АҒАШЫ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ  

Республика күні қарсаңында Түлкібас ауданында тұрғындар мен зиялылар және ерікті жастар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойындағы жаңадан бой көтеріп жатқан «Ұлы дала қырандары» аллеясында бас қосып, 300 дана қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызды. Кейінгі жастарға үлгі боларлықтай іске ұйытқы болған жандарға аудан ақсақалдары ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан аудан орталығына кірер тұсында аудан әкімдігінің қолдауымен аудан тұрғындарының демеушілігімен «Ұлы дала қырандары» аллеясы соғылуда. Жалпы 2 гектар аумақты алатын демалыс орнына жолаушылардың демалып, сергіп алуы үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.

Сонымен қатар алдағы уақытта Қазақ елінің біртуар азаматтары Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза және Балуан Шолақтың ескерткіштері бой көтермек. Айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылады.

Бүгінгі таңда Түлкібас ауданының тумалары ауыл көркін ажарландыра түсетін нысанды көтеруге өзара 150 млн. теңге қаржы жинап, құрылыс жұмыстарын іске асыруда. Нысан биыл қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ  

Алдыңғы

25 ҚАЗАН — РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ДЕРБЕСТІККЕ ЖОЛ САЛҒАН ДЕКЛАРАЦИЯ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *