ҚоғамСаясат

БЕЛСЕНДІЛЕРДІҢ ТАНЫЛУЫНА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Биылғы жылдың басты ерекшелерінің бірі ретінде кезектін тыс Президент сайлауының өтетінін айтуға болады. Бұл науқан қоғамға біршама қозғау салды. Енді саяси белсенділердің сыналатын мезгілі жақындап келеді. Белсенді адамдар дегеніміз өзгерісті жақсы көретін және осы өзгерістерді өмірге енгізуге уақыт бөлуге дайын адамдар. Елдің дамуы үшін қоғамда белсенді азаматтар көп болуы керек.

Рас, ел ішінде іскерлігімен, елжандылығымен, жаңашылдығымен көзге түсіп жүрген азаматтар аз емес. Сайлауда оларға да бағын сынап көруіне мүмкіндік беріледі. Додаға түсіп жатқан кандидаттар жайлы айтар болсам, әрине, бәрінің де өзіндік ерекшеліктері бар шығар, соның ішінде өзім жастайынан жақсы білетін, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бізбен қатар оқыған Мейрам Қажыкеннің саяси додаға бәйге қосқанына қуанып отырмын. Міне, осындай кандидаттардың кеңінен танылуына жол ашып жатса, саяси науқанның салмағы да арта түскен болар еді.

Есқыдыр ЧУНЕТОВ.

#Сайлау2022

ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

Алдыңғы

БҰЛ САЙЛАУ БҰРЫНҒЫЛАРДАН ӨЗГЕРЕК  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *