Басты ақпарат

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ БИЫЛ КҮЗДЕ КЕЗЕКТЕН ТЫС ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУДІ ҰСЫНДЫ

«Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын». Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.

«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын», — деді Мемлекет басшысы.

«Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ШЫМКЕНТТЕ 2 БАҒДАРҒА ЖАҢА АВТОБУС ҚОСЫЛДЫ

Алдыңғы

ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫҢ БІР БӨЛІГІ 18-ГЕ ТОЛМАҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖЕКЕ ШОТТАРЫНА АУДАРЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *