ЖаңалықтарҚоғам

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛДЕ БЕРЕКЕ БАР

Шымкенттегi «Мирас» шағынауданында маңызды кездесу өтті. Оған жергілікті ақсақалдар, белсенді тұрғындар қатысты.

Кездесуде қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкерлері және қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың өкілдері тұрғындармен аталған аумақта қалыптасқан этносаралық ахуал, қоғамдық келісімді сақтау мен құқықтық тәрбие жайы жан-жақты сөз қылып, талқылады.

Өйткені, бүгінгі қоғамдағы түбегейлі өзгерістер халқымыздың ауызбірлігін, белсенділігін, әр азаматтың жеке басының жауапкершілігін талап етеді. Қоғамдағы келісім мен бейбіт өмір, саяси тұрақтылық үшін аянбай еңбек ету өте маңызды. Ел тыныштығына мән беру- міндет.

Айта кетейік, жыл басынан берi «Мирас» шағынауданына ақпараттық-түсіндіру тобы бірнеше рет келiп, қоғамдық келісім саласына қатысты тұрғындардың ұсыныс-пiкiрлерiн тыңдау бағытында мақсатты кездесулер өткiздi. Алдағы уақытта да бұл кездесулер жалғасып, көтерілген мәселелер маңызын жоймайды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУДА ЖАҚЫПОВТАР ОТБАСЫНЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ

Алдыңғы

ШАРДАРАДА ӨНЕГЕ БАР….

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *