ӘлеуметЖаңалықтарЖастар саясаты

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап жастардың осал топтары арасында пилоттық жобаны іске асыруға арналған «ZHAS PROJECT» гранттық жобасы іске қосылды. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн теңгеге дейін гранттар беріледі. Түркістан облысына 63 грант бөлініп отыр. Бұл туралы брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар саясатын үйлестіру басқармасының басшысы Тастемір Ақұлан мәлімдеді.

Сондай-ақ, брифинг қатысқан Қазақстан Жастар Конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамның тіршілігіне тарту, араластыру екендігін айтты.

«Жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін жалғасады»,- деді Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Төлебаев.

Жоба — жұмыссыз ретінде тіркелген жастарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы 18 бен 29 жас аралығындағыларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға, мүгедектігі бар жастарға арналған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

________________________________

ТУРКЕСТАН: ДЛЯ ПРОЕКТОВ МОЛОДЕЖИ БУДУТ ПРЕДОСТАВЛЕНЫ БЕЗВОЗВРАТНЫЕ ГРАНТЫ ДО 1 МЛН ТЕНГЕ

С 26 июля текущего года запущен грантовый проект «ZHAS PROJECT» для поддержки уязвимых групп молодежи. На реализацию социальных проектов предоставляются гранты в размере до одного миллиона тенге. Для Туркестанской области выделено 63 гранта. Об этом на брифинге сообщил руководитель управления координации молодежной политики Министерства информации и общественного развития РК Тастемир Акулан.

Также в ходе брифинга исполнительный директор Конгресса молодежи Казахстана Тохтар Болысов отметил, что основная цель проекта – вовлечение молодежи, особенно уязвимых групп, в жизнедеятельность общества.

«В проекте могут принять участие молодые люди в возрасте от 18 до 29 лет из категории NEET, имеющие социальные проекты. Заявки будут приниматься на портале www.zhasproject-turkestan.kz до 10 августа»,- сказал директор молодежного ресурсного центра Туркестанской области Ерасыл Тулебаев.

Проект предназначен для безработной молодежи, людей из малообеспеченных и многодетных семей в возрасте от 18 до 29 лет, детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, граждан с инвалидностью.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 51 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ

Алдыңғы

ҚР-да орташа статис­тикалық» әкім — 52 жастан асқан ер адам

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *