«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің Орталықтандырылған автотасымалдау базасында «Зайырлы қоғам және руханият» тақырыбында кездесу өтті. Алғаш болып сөз алған Созақ ауданының Бас имамы Мейрамбек Ордабайұлы Әбдіқұлов қоғамдағы діннің ролін, деструктивті діни ағым сипаттамалары мен оның мемлекет пен қоғамның құрылымына қандай әсері болатынын түсіндірді.
«KazAtomProm» Ұлттық Атом Компаниясына қарасты ұйымдардың жүк тасымалын ұйымдастыру, жүктерін сақтау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерін көрсету үшін құрылған кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшыларына Түркістан облысының Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы теологы Қуаныш Қосмаханов арнайы дайындап барған лекциясын оқыды. Мемлекеттің зайырлылық принциптерін, дін қатынастарын реттейтін заңнама талаптарын түсіндірді. Кереғар діни ағым ықпалынан сақтану жолдарын айтып берді. Елдегі қоғамдық және діни тұрақтылықтың маңыздылығына айрықша тоқталып, түрлі діни ағымдардың құйтұрқы идеологиясына әрдайым қарсы тұруға, мемлекеттің зайырлылық принциптерін құрметтеуге шақырды.
Comments