АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ШОҒЫРЛАНҒАН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ.

2022 жылдың маусым айының 23 — ші жұлдызы күні Шардара қаласы әкімінің мәжіліс залында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында этнос өкілдері шоғырланған тұрғындары арасындағы кездесуге Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Б. Шәймерден, Шардара қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы Қ. Мырзабаев, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров қатысты.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А. Данияров кездесудің мақсатын түсіндіріп, сөздің кезегін теолог маман Б. Шәймерденге бұрды.

Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Б. Шәймерден

кездесу барысында дінтанушы-теолог ислам діні және қазіргі қоғамдағы мәселелер жайында сөз қозғады. Деструктивті діни ағымдар болса — қоғамда қалыптасқан дәстүрлі жүйеге дін атын жамылып, қауіп төндіретін, негізсіз терістейтін, жоққа шығаратын, дін атына сай емес мұрат — мақсаттарда іс — әрекеттер жасап, заңсыз немесе заңның тиімді тұстарын әртүрлі қитұрқы әдіс — тәсілдермен өз мүддесіне барынша пайдаланатын адасушыларды айтамыз.

Кездесу соңында сала мамандарына имамдар дін саласына жауапты мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

Шардара қаласы әкімі аппартының жалпы бөлім басшысы Қ. Мырзабев кездесуге келген қонақтарға алғысын айтып, дін саласында тұрақтылық тақырыбында ке түсінік берген мамандарға ризашылығын білдірді.

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ШОҒЫРЛАНҒАН ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ.

Алдыңғы

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР! ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *