АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ЕЛІМНІҢ РӘМІЗДЕРІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БЕЛГІСІ!

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай Жетісай аудандық орталық кітапхана ғимаратында «ЕЛІМНІҢ РӘМІЗДЕРІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БЕЛГІСІ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған шараға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ басшысы Қ.Рысмаханов, Түркістан облыстық «Парвиз» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю.Султанов, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің директорының орынбасары, ұстаз, ақын, жазушы С.Аташов, Жетісай аудандық орталық кітапхана қызметкері Л.Илимова, Жетісай аудандық «Парвиз» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Ш.Елов, Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №28 Х.Доспанова атындағы ЖОМ-нің мұғалімі Х.Турсунов және этнос жастары қатысты.

Жиында ең алдымен мемлекеттік Әнұран шырқалып ашылды.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кезкелген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Жиынның мақсаты: Қазақстан Республикасының Рәміздерін құрметтеуге, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, халқының тарихын білуге тәрбиелеу болып табылады.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Алдыңғы

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ҚАСИЕТТІ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *