Отырысты Кентау қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Байболова Ақнұр Нұралықызы ашып жүргізіп отырды.
Кентау қалалық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің 2022 жылғы І-тоқсандық отырысында ұсынылған мәселелерге сәйкес, Кентау қаласы аумағында 2022 жылдың 5 ай көлемінде кәмелетке толмағандармен атқарылған профилактикалық жұмыстар туралы Кентау қалалық ПБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры Ж.Ахметов, Кентау қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысында атқарылып жатқан жұмыстары туралы қала әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің бас инспекторы Б.Сариев баяндама жасады.
Бүгінгі Кеңес жиынында Кентау қалалық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасын сайлау, кеңес мүшелеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөнінде қаралды.
Кеңес мүшелері осы отырыста Кентау қалалық ҚХА жанындағы Келісім кеңесінің төрағасы етіп Бақберген Қанат Жарылқасынұлын сайлады.
Жиын соңында ұсыныстар мен сұрақ-жауаптарға кезектер беріліп тиісті деңгейде пікір алмасып тарқасты.
Comments