АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ХАЛЫҚ АРАСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жетісай ауданы, Жылы су ауылдық округі, Әль-Фараби елді мекенінде орналасқан №28 Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінде 5 маусымда өтетін бүкілхалықтық референдумға қатысты Ата заңға енгізілетін түзетулерді насихаттау мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу болып өтті.

Кездесуге Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Жетісай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.Махамбет, Түркістан облыстық «Парвиз» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю.Султанов және ауыл тұрғындары қатысты.

Кездесуде қазіргі Ата Заңымызда 98 бап бар. Референдумда соның 33 бабына түзетулер енгізіледі. Бұл Конституцияның 3/1 бөлігі өзгереді деген сөз. Конституциялық реформа негізінен барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталған. Бұл жөнінде Президент қазақстандықтарға арнаған Жолдауында: «Түзетулер «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар Президенттік республикаға түбегейлі көшуді көздейді», — деген болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, Конституциялық реформа биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтеді. Үйлесімді және теңгерімді жүйені нығайтады. Парламенттің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың ықпалын арттырады.

Сонымен қатар, халықтың ел басқару ісіне араласуы кеңейтіліп, азаматтардың құқын қорғау тетіктері күшейтілетін болады.

Нәтижесінде билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы балансы қалыптастырылып, мемлекет пен қоғамның арасында тиімді диалог орнатылатындығы жайлы сөз болды.

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Алдыңғы

РЕФЕРЕНДУМ БАРЛЫҒЫМЫЗҒА БЕРІЛІП ОТЫРҒАН ТАРИХИ МҮМКІНДІК. БҰЛ ҚОҒАМДЫ ТРАНФОРМАЦИЯЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *