АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ӨЛКЕНІҢ ГҮЛ ЖАЙНАҒАН БАЛҒЫНДАРЫ

Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі Лесбек батыр ауылының №10 «АЙДАНА» балабақшасында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне Ақтөбе ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы Т.Серғазиеваның ұйымдастыруымен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты бүлдіршіндердің қуанышын еселей түсетін мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шараға Келес аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Г.Сарсенова және кеңес мүшелері, әжелер алқасы төрайымы, балабақша ұжымы, «Қоғамдық келісім» КММ-ң Келес аудандық филиалының мамандары, ата-аналар мен бүлдіршіндер қатысты. Мерекелік іс-шараға келген қонақтар сөз алып бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтады. Мерекелік іс – шарада балабақшаның бүлдіршіндері концерттік бағдарлама қойып өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік жиынға келген балаларға Аналар кеңесінің төрайымы Т.Серғазиева және әжелер алқасының төрайымы Қ.Нұрбекованың демеушілігімен сыйлықтар берілді.

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ!

Алдыңғы

«БАЛА — БАЙЛЫҚ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *