Мақтаарал ауданы Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Фердауси елді мекенінің жастарымен кездесу болып өтті. Іс-шараның мақсаты: этностар жинақы тұратын елді мекендердің жастары арасында этносаралық толеранттылықты қалыптастыру, мәдениет пен дінді құрметтеу, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Жиынға «Қоғамдық келісім» КММ Мақтаарал аудандық филиалының басшысы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері, учаскелік полиция қызметкері мен ауыл имамы қатысты.
Comments