АймақӘлеуметҚоғамРуханият

ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ-ҰЛТ ТАРИХЫН ҰМЫТПАУ

Бүгін, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, «Ұлыларды ұлықтау-ұлт тарихын ұмытпау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бір минут үнсіздікпен еске алынып, аудандағы мектептердің тарих пәнінен сабақ беретін мұғалімдері: №49 «Ш.Уалиханов»-Айгүл Рустемова, №52 «Өзтүрік»-Ерлан Ахметов, №93 «Абылайхан» -Күляйхан Исаевалар тақырыпқа баяндама жасады.

Бас қосуда аудан әкімінің кеңесшісі Рысқұл Есполай, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Алмас Әбдіқадіров арнайы қатысты.

Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде КСРО-да 1937-1938 жылдары 125 мың адам тоталитарлық режимнің құрбаны болып, 22 мыңы өлім жазасына кесілді.1921 жыл мен 1954 жылдар аралығында КСРО-да 3млн. 777 мың адам жазықсыз сотталып, 642 мыңы атылды.Әр жылдары қуғын-сүргін барысында елімізге 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың кәріс, 507 мың Солтүстік кавказ халқы, Қырым татарлары, түріктер, гректер және басқалар жер аударылған. Қазақстанға барлығы 1,5 млн. адам көшіп келді. Сталиндік қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға ГУЛАГ-тың 11 лагері орналасты.

Олар: Алжир, Карлаг, Дальний, Степной, Песчаный, Камыслаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл, Кеңгір және Өскемен лагерьлері еді. Осындай, қиын-қыстау кезеңнен өткен біздің халқымыз өзінің бірегей ұлттық болмысы мен асыл қасиеттерін сақтап қалды. Қатыгездікке бой алдырған жоқ, сан ғасырлық даналығын да жоғалтпады,-деп қорытындылады.

«AMANAT»: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖЕТІСАЙ ХАЛҚЫН РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 20 МЫҢ ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *