Ағымдағы жылдың 27 маусым — 1 шілде аралығында облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш және Сайрам аудандарына арнайы барып, аудандардың діни ахуалымен танысты.
Сондай-ақ, дін саласы бойынша жұмыс жүргізетін жергілікті ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері, діни бірлестіктер қызметкерлері және дін саласына жауапты мамандармен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында діни тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мемлекеттің саясаты мен зайырлылық қағидаттары бойынша тиісті нұсқаулықтар беріліп, өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Comments