АймақӘлеуметҚоғам

ЖЕТІСАЙДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Жетісайда 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Бүгінде ел болашағы жастардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуында мектеп табалдырығының, ұстаздар қауымының алар орны ерекше.
Оларға мектеп қабырғасында тек білім ғана беріп қоймай, адами қасиеттерді бойларына мықтап сіңіру де басты назарда. Ал, адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтар бойына сіңіруде, олардың қоғамдық көзқарастарының дұрыс қалыптасуында тәрбиенің маңызы аса зор.
Эстетикалық тәрбиенің ең басты салаларының бірі – музыка, өнер. Жас ұрпақтарға тәрбие беріп, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіруде, біліктілігі мен ойлау қабілетін дамытуда, оқушыларды халықтық музыка мен ұлттық өнерге баулуда өзінің елеулі үлесін қосып келе жатқан қарашаңырақ білім ұялары – Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «М.Шоқай», «Абай» атындағы ЖОМ, «Талант STAR» өнер мектептері.
ҚР Мәдениет қайраткері, Құрмет орденінің иегері, ҚР композиторлар одағының мүшесі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры Бөрі Иса барша қазақстандықтарды 1 шілде – Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтады.
Аталмыш мектептерден келген оқушылар, этнос жастары ән-саз пәнінің мұғалімдері Гүлмира Айдарова, Сапарби Тойымбет, Сағынғали Қалыбек, професор Бөрі Исамен Құрманғазының күйі «Балбырауын» және «Егемен Қазақстан» атты өз күйін бірге орындады.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 65% ЖЕТТІ

Алдыңғы

ТҮЛКІБАСТЫҚТАР «МЕКТЕБІҢЕ ДОМБЫРА СЫЙЛА» АКЦИЯСЫН САУРАНДЫҚТАРҒА ЖОЛДАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *