2014 жылдан бері 23 маусым елімізде мемлекеттік қызметші күні болып есептеледі.
2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдаған. Бұл тәжірибе Қазақстанға 10 жылдан кейін енгізілді. Президент Жарлығымен 2013 жылы 23 маусым Қазақстанда да Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. 2014 жылдан бастап бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіле бастады.
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілдің айтуынша, былтыр Қазақстанда 68 мыңнан астам мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформадан кейінгі халыққа үндеуінде мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, бюрократиядан барынша арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасатынын атап өтті.
Ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Бүгінгі мерекені пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!
Comments