АймақӘлеуметҚоғам

МАҢҒЫСТАУДАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯ ОТЫРАРДА БОЛДЫ

Маусымның 16-17 күндері «МАҢҒЫСТАУДАН МЫҢ СӘЛЕМ, ТҮРКІ ТӨРІ!» атты Маңғыстау облысының Түркістан облысындағы күндері өтеді.
Маңғыстау облысынан келген делегация құрамында облыстық ҚХА басшылығы, Аналар кеңесінің мүшелері, Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, меценаттар, ардагерлер бар. Олар бүгін сапарын қасиетті Отырар ауданынан бастады. Қонақтар Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, музейге аялдап, Отырартөбе қалажұртының тарихымен танысты.
Делегация құрамын арнайы қарсы алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева Маңғыстаудан келген қонақтарды киелі Отырар жерінің тарихымен таныстырды.
Сапар аясында делегация мүшелері Түркістандағы Қ.А. Ясауи кесенесін, сондай-ақ қаланың көрікті орындарын аралайды.

Дін саласындағы әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізу бойынша семинар-тренинг өткізілуде.

Алдыңғы

Дін саласындағы әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізу бойынша семинар-тренинг

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *