АймақҚоғам

ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығы президенті Қ.Айтбаевпен кездесу өтті.
Кездесуде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру, мемлекеттік грант алу мүмкіндігі, жұмыссыздықты жою, тұрақты жұмыс көздерін ашу және кәсіпкерлерді оқытуға қолдау көрсету жайы талқыланды.
Жиынды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің маманы Мадина Камеденова ашып, жүргізіп отырды.
Басқосуға Түркістан облыстық Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.
Келелі жиында Түркістан облыстық Кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы С.Сафаров, облыстық Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Е.Әбдіраманов, облыстық Кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы Ә.Ыдырыс, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы С.Көшкінбай, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының Вице-Президенті А.Исматуллаев, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының Вице-Президенті К.Шукенов, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының Президенті Қ.Айтбай сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасты.
Сондай-ақ жиында Конституцияға өзгерістер жөнінде бүкілхалықтық референдум мәселесі талқыланды. Кездесуге қатысушылар референдум өткізуді қолдап, өңір тұрғындарының оған белсенді қатысатынына сенім білдірді.

ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАДЫ

Алдыңғы

«WorldSkills Shymkent – 2022»: 48 СТУДЕНТ РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *