Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округіне қарасты, Түйетас ауылы, Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратында «Ақпараттық сауаттылық — өзіңді алдауға жол берме!», «Шиеленістердің қоғамға кері әсері», «Жазаның бұлтартпастығы» және «Ұлттық жобалар-барлығына арналған нақты мүмкіндіктер» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов, Бәйдібек АПБ ЖПҚ УПИ полиция капитаны Б.Мақұлбеков, ауыл округі әкімдігінің қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х.Исақов тарапынан жастардың санасын улайтын жат ағымдардан сақтанудың жолдары жайлы айтылды. Жастардың діни ақпараттарды сүзгісіз қабылдау оны жариялау мәселесін түсіндіріп өтті.
Ауыл тұрғындары тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасты.
Comments