Реформаға бастаған референдум сәтті аяқталды. Біздің қоғамдық өмірде әрдайым халықтың ойы, сұранысы бірінші назарда және соған жұмыс жасауға бар күшімізді саламыз.
Мемлекет басшысы осы орайда үлкен шешім қабылдап , Ата Заңымыздың 99 бабының 33-іне өзгеріс енгізу бойынша референдум өткізгенді жөн санады. Әрине бұл үлкен жауапкершілік, саяси және геосаяси жағдайдағы өте жауапты сәт.
Азаматтар референдумды өте жоғары деңгейде алып шықты деп айта аламыз. Себебі кеше өткен референдум нәтижесі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, яғни жалпы сайлаушылардың 80,66% қатысып өз таңдауларын жасады. Конституциядағы түзетулер бойынша ақпараттарға қанық болды. Сол себепті ендігі уақытта заң жобаларының жұмысын реттеп болғаннан кейін міндетті түрде бізге жұмыс жасау керек болады.
Сіздерді де осы бір сәтте жаңа өзгерістерді қолдай отырып, жақсы жетістіктерге жету жолында бірігеді және жастар осы бір істі қолдайды деп сенемін.
Жұман Жансерік Бауыржанұлы,
Түркістан қалалық мәслихатының депутаты
Comments