Биыл мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізілмек.
Осы орайда, Арыс-1 вокзал қызметкерлері референдумның маңыздылығын түсіндіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында теміржолшыларға референдум өткізу — саяси дамудың келесі кезеңі екендігін айтып, референдум арқылы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа жүйесіне көшу жүзеге асырылатындығын жеткізді.
Кездесуде қатысушыларды елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін, еліміздің Ата заңы — Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдап, маңызды күні науқанға белсенді қатысуға шақырды.
Өз кезегінде теміржолшылар да Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық Референдумды қолдайтындарын айтты.
Comments