ЖаңалықтарСаясат

ДЕПУТАТТЫҢ БІР КҮНІ

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Берік Әбдіғали 18 мамырда жұмыс күні кестесін Шымкент қаласындағы Əл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Шымкент қалалық қазақ тілі қоғамының мүшелерімен, зиялы қауым жəне БАҚ өкілдерімен кездесуден бастады.

Халық қалаулысы референдумда қаралатын мәселелер, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер, тіл туралы əңгімеледі. Жиында белгілі сатирик ақын, Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Көпен Əмірбек, қоғам қайраткері Мырзахмет Шалатаев, əдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы Құлбек Ергөбек, журналист Ə.Əссанди жəне тағы басқалары тіл, діл, елдік мәселелер туралы сөз қозғап, пікір алмасты. Бірқатар ұсыныстар да айтылды.

Жиынға Шымкент қаласы əкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан қатысып, сөз сөйлеп, депутаттың алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

***                 ***                 ***

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Берік Əбдіғалиұлының іссапары түстен кейін Түркістан облысы, Ордабасы ауданында жалғасты.

Ол біртуар палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының жатқан жеріне зиярат жасап, алдағы уақытта салынар Қажымұқан Мұңайтпасұлы кешені орнымен танысты. Темірландағы мұражайына да кіріп шықты. Мұнан соң «Ордабасы оттары» газетінің баспасөз орталығында  басқосу өтті. Оған Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен блогерлер клубының (төрағасы Ерсұлтан Əмірбек) мүшелері мен зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар қатысты. Жиынды «Ордабасы отары» газетінің редакторы Ғалымжан Зиябек жүргізіп отырды. Депутат  Берік Әбдіғали Конституциялық реформаның маңыздылығына кеңінен тоқталды. Ата заңымыздың біразына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін, сондықтан референдумға қатысып, дауыс беру маңызды екенін тілге тиек етті. Жиында Көпен Əмірбек келешекте жастардың бойына ұлттық салт -дəстүрді сіңіру тетіктерін ұсыныс ретінде жеткізді. Ордабасы аудандық адами əлеуетті дамыту бөлімінің білім жəне ғылыми кәсіподақтар комитетінің төрағасы Қайрат Төлебаев, аудандық əйелдер кеңесінің төрайымы Гулия Тайтелиева, «Muzbalaq.kz» сайтының редакторы Базаркүл Қалбыр жəне тағы басқаларының тілді көркейту, жастарды ғылым мен білімге тарту жөніндегі ұсыныстары мен талап- тілектерін де тыңдады.

Аудан əкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұлов Мәжіліс депутатына осындай келелі кездесуде тұщымды ойлар айтқаны үшін алғысын білдіріп, «Күш атасы — Қажымұқан» , ал Түркістан облыстық ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Əмірбек ел татулығын көрсеткен «Шаңырақ» кітабын сыйға тартты.

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ  

Алдыңғы

Конституциялық реформа – Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына бетбұрыс

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *