Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ  

Шымкент қаласындағы 5 орында орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Мұндай су бұрқақтары өткен жылы Әл-Фараби ауданының демеушілері тарапынан адам көп шоғырланатын орындарға қойылған болатын.

Қыс мезгілінде уақытша жабылған ауызсу бұрқақтары бүгінде қала қонақтары мен тұрғындарына Иляев — Қонаев қиылысы, Арбат саябағы, Түркістан көшесі 55, «Мацарелло» мейрамханасы алды мен Hyper House ойын-сауық орталығының маңында қайта қолжетімді болды. Жақын күндері Әл-Фараби ауданында ауызсу бұрқақтары жаңадан тағы 6 жерге орнатылмақ. Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмауды сұранамыз. Өз қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ОТБАСЫ — ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Алдыңғы

ДЕПУТАТТЫҢ БІР КҮНІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *