ЖаңалықтарҚоғам

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ 

Шымкент қаласының Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында қалалық ҚХА Конституциялық реформалар бойынша республикалық референдумның маңыздылығы жөнінде жиын өткізді.

Қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық өкілдігінің мүшелері және қала жастары қатысқан іс-шарада Ата Заңға енгізілген өзгерістер жайы талқыланып, еліміздегі саяси жүйені жаңғырту мәселелері сөз болды.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев жалпыхалықтық референдумға қатысу әрбір азамат үшін үлкен саяси мүмкіндік екенін атап өтті. Азаматтар өз ұстанымдарын білдіру арқылы болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті, Отан алдындағы маңызды борышты жете ұғына түседі.

— Жаңа Қазақстанды құру үшін жаңа идеялар, жаңа бастамалар керек. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттің, қоғамның өміріне елеулі өзгеріс әкеледі. Бұл ретте жастар, аға буын өкілдері жауапкершілікті сезінуі тиіс. Ел өміріндегі саяси маңызы зор оқиғаға баршаңызды белсене қатысуға шақырамын, — деді Б.Жалмұрзаев. Сондай-ақ, жиында «Ынтымақ» этносаралық бірлестігі төрайымының орынбасары Артықбай Үсембай, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің қалалық өкілдігінің жетекшісі Н. Мейірбеков ой-пікірлерін ортаға салды.

«Шымкент келбеті» — Тағабай Қасымов

ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР БИЗНЕСТІ ОНЛАЙН ТІРКЕЙ АЛАДЫ

Алдыңғы

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТЕРДІ КҮТІП-ҰСТАУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *