Шымкент сити шағын ауданында 9 мыңнан аса халық тұрады. Мұнда 2 мектеп, 4 спорт алаңшасы бар. Ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған. Көшелердің барлығы асфальтталған. 3 көше жарықтандырылған. Көп қабатты үй аулалары 100 пайыз жарықтандырылған.
Осы жылы 7 алаңшаны абаттандыру жоспарға енгізілген. Бұл жөнінде аудан әкімі Р.Мүлкеманов баяндады. Тұрғындар үшін №150, 108, 126, 9 бағыттағы автобустар қызмет көрсетеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments