ТҮРКІСТАНДА БІР КӨШЕГЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІНЕ ТАНЫМАЛ ҚАЙРАТКЕР АДНАН МЕНДЕРЕСТІҢ АТЫ БЕРІЛДІ
Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы 30-шы көше бұдан былай Түркі әлеміне танымал қайраткер Аднан Мендерестің атымен аталады. Бүгін осы айтулы оқиғаға байланысты салтанатты жиын өтті. Оған Қазақстан мен Түркия және өзге де елдерден меймандар қатысты. Атап айтсақ, Түркия Республикасы Дін істері басқармасының басшысы, Бас мүфти Али Ербаш хазрет пен екі елдің зиялы қауым өкілдері болды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тарихи тұлға туралы баяндап, бауырлас Қазақстан мен Түркия байланысы тереңдеп келе жатқанына тоқталды.
– Біз бүгін қазақ-түрік арасындағы рухани байланысты нығайтуда маңызы жоғары болатын жиында бас қосып отырмыз. Өткен ғасырдың 50-жылдары отандастырымызға қамқорлық танытып, Түркияға көшуіне, орнығуына үлес қосқан Аднан Мендерестің есімін жаңғырту қос мемлекетке ортақ мүдде деп білемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласындағы көшелердің біріне Аднан Мендерестің есімін беру туралы тапсырма берген болатын. Тапсырма аясында заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылып, біз бүгін сол көшенің ашылу салтанатына куә болып отырмыз. Өздеріңізге белгілі, Түркістан – бір халықтың ғана емес, күллі Түркі елдерінің рухани ұстыны ретінде әспеттеледі. Сондықтан, қос елге ортақ тұлғаның атындағы бұл көшенің Түркістан қаласынан ашылуы – заңдылық. Сондай-ақ бұл бастама қазақ-түрік арасындағы достықтың одан сайын нығаюына жол ашады деп сенемін, – деді Өмірзақ Естайұлы.
Түркия Республикасы Дін істері басқармасының басшысы, Бас мүфти Али Ербаш тұлғаға құрмет көрсеткен Қазақ еліне алғысын білдіріп, Түркістанның Түркі әлемінің орталығына айналып келе жатқанын атап өтті. Қос ел арасындағы бауырластық қарым-қатынас нығая түскенін, Түркістан төріндегі маңызды іс-шаралар Түркі әлемін біріктіруге серпін беретінін мәлімдеді.
Көшенің бойында жаңадан бой көтерген әкімшілік-іскерлік орталық, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар, тұрғын үйлер және жаңа мектеп орналасқан. Сонымен бірге саябақ пен мәдени нысандар да бар.
Саяси қайраткер, Түркия Республикасының Премьер-Министрі қызметін атқарған Аднан Мендерестің қазақ халқына да сіңірген еңбегі мол. Ол өткен ғасырдың 50-ші жылдары қазақтардың Түркияға қоныстануына себепкер болып, 4 жылға жуық созылған қоныс аудару процесіне қолдау көрсеткен. Тарихи тұлғаның 1952 жылғы қаулысынан кейін қазақтар Пәкістаннан Түркияға қоныс аудара бастады. Пәкістандағы қазақтардың алғашқы легі 1952 жылдың қыркүйек айында келсе, соңғы легі 1956 жылы түрік жеріне жеткен.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
В ТУРКЕСТАНЕ ОДНОЙ ИЗ УЛИЦ ПРИСВОЕНО ИМЯ ВЫДАЮЩЕГОСЯ ДЕЯТЕЛЯ ТЮРКСКОГО МИРА АДНАНА МЕНДЕРЕСА
30-я улица в административно-деловом центре Туркестана теперь носит имя известного в тюркском мире деятеля Аднана Мендереса. Сегодня состоялось торжественное собрание, посвященное этому знаменательному событию. В нем приняли участие делегаты из Казахстана, Турции и других стран.
Аким Туркестанской области Умирзак Шукеев рассказал об исторической личности и подчеркнул, что отношения между братскими Казахстаном и Турцией углубляются.
— Сегодняшняя встреча имеет большое значение для укрепления духовно-нравственных связей между Казахстаном и Турцией. Аднан Мендерес в 50-е годы прошлого века проявил заботу о наших соотечественниках, которые переезжали в Турцию. Глава государства Касым-Жомарт Токаев дал поручение присвоить одной из улиц Туркестана имя Аднана Мендереса. В рамках поручения в соответствии с законом была проведена работа, и сегодня мы являемся свидетелями открытия этой улицы. Туркестан – это духовный центр не только нашего народа, но и для всех тюркских стран. Поэтому открытие этой улицы в Туркестане вполне закономерность. Уверен, что эта инициатива позволит еще больше укрепить казахстанско-турецкую дружбу, — сказал глава региона.
Глава управления по делам религий Турецкой Республики, Верховный муфтий Али Ербаш поблагодарил Казахстан за оказанное уважение и отметил, что Туркестан становится центром тюркского мира, братские отношения между двумя странами укрепились, и подобные мероприятия усиливают духовные связи двух стран.
На улице Аднана Мендереса расположены новый административно-деловой центр, социальные и культурные объекты, предпринимательства, жилье, новая школа, парк.
Напомним, Аднан Мендерес был известным политическим деятелем, Премьер-министром Турецкой Республики. Его имя до сих пор вселяет большое уважение у казахского народа, ведь он способствовал переселению казахов в Турцию в 50-х годах прошлого века и поддерживал этот четырехлетний процесс переселения. После его исторического постановления 1952 года казахи начали переселяться из Пакистана в Турцию. Поток казахов из Пакистана в Турцию начался в сентябре 1952 года и завершился в 1956 году.
Пресс-служба акима Туркестанской области
IN TURKESTAN, ONE OF THE STREETS IS NAMED AFTER THE OUTSTANDING FIGURE OF THE TURKIC WORLD ADNAN MENDERES
30th Street in the administrative and business center of Turkestan now bears the name of the famous figure in the Turkic world Adnan Menderes. A solemn meeting dedicated to this significant event was held today. It was attended by delegates from Kazakhstan, Turkey and other countries.
Mayor of Turkestan region Umirzak Shukeyev spoke about the historical figure and stressed that the relations between fraternal Kazakhstan and Turkey are deepening.
— Today’s meeting is of great importance for strengthening spiritual and moral ties between Kazakhstan and Turkey. Adnan Menderes in the 50s of the last century took care of our compatriots who moved to Turkey. Head of State Kassym-Jomart Tokayev instructed to assign the name of Adnan Menderes to one of the streets of Turkestan. As part of the instruction, work was carried out in accordance with the law, and today we are witnessing the opening of this street. Turkestan is a spiritual center not only for our people, but also for all Turkic countries. Therefore, the opening of this street in Turkestan is quite natural. I am sure that this initiative will further strengthen the Kazakh-Turkish friendship,» the head of the region said.
The Head of the Department of Religious Affairs of the Republic of Turkey, Supreme Mufti Ali Yerbash thanked Kazakhstan for the respect and noted that Turkestan is becoming the center of the Turkic world, fraternal relations between the two countries have strengthened, and such events strengthen the spiritual ties of the two countries.
A new administrative and business center, social and cultural facilities, businesses, housing, a new school, and a park are located on Adnan Menderes street.
Recall that Adnan Menderes was a well-known politician, Prime Minister of the Republic of Turkey. His name still inspires great respect among the Kazakh people, because he contributed to the resettlement of Kazakhs to Turkey in the 50s of the last century and supported this four-year resettlement process. After his historic decree of 1952, Kazakhs began to move from Pakistan to Turkey. The flow of Kazakhs from Pakistan to Turkey began in September 1952 and ended in 1956.
Press service of akim of Turkestan region
Comments