АймақЖаңалықтарСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ  

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 5 маусым күні Республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осы орайда Түркістан облысында арнайы Қоғамдық штаб құрылды. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық штабтың басшысы Қайрат Балабиев мәлімдеді.

«Референдумға қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, шетелдік байқаушылар қатыса алады. Олардың өкілеттігі Орталық референдум комиссиясы белгіленген тәртіппен куәландырылады. Комиссиялардың жұмысына араласуына жол берілмейді. Түркістан облысындағы Қоғамдық штаб құрамында зиялы қауым, БАҚ өкілдері, жастар, ҮЕҰ өкілдері және саяси партия өкілдері бар»-деді Қайрат Рахымұлы.

Түркістан облысы бойынша сарапшылар тобы құрылған. Топ мүшелігіне заң, тарих, экономика, ғылымдарының кандидаттары, оқытушылар мен магистрлер енгізілген.

Облыс көлемінде тұрғындармен кездесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында желілік кесте бекітіліп, ақпараттық-насихат жұмыстары үшін медиа-жоспар жасалған. Облыста құрылған Қоғамдық штаб мүшелері алдағы уақытта өңір тұрғындарымен кездесулер өткізетін болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ШЫМКЕНТТЕ ӘКЕЛЕР САЙЫСЫ ӨТУДЕ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МҮФТИЛЕРІ БАС ҚОСТЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *