Жаңалықтар

ҰЛАҒАТ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 16 КӨШЕГЕ ТАС ТӨСЕЛЕДІ  

Қала әкімі Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуінде осы аумақтарда атқарылатын жұмыстарды аудан әкімі Д.Есілбек баяндап берді.

Бүгінде 14,5 мыңға жуық халқы бар Ұлағат шағынауданы ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен 100 пайыз қамтылған.  Ықшам ауданда 52 көшенің 31 асфальтталған, шағал тас төселгені — 21. Биыл кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілген 16 көшеге тас төсеу жоспарлануда. Ал, 2023 жылы 19 көшені асфальттау жоспарда бар.

Ұлағатта 2 248 абонентті қамтитын кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Осы жылдың соңында құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Аталған аумақта 8 көше жарықтандырылған. 2021 жылы Спатаев пен К.Тленшин көшесі жарықтанса, биыл Айдын көшесіне кешкі шамдар орнатылады. 2023-2025 жылдар аралығында 10 көше жарықтанады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Алдыңғы

БИЫЛ «ТАРАЗДА» ПАРАСАТ КӨШЕСІ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ ЖӘНЕ ҚАЙТА ЖӨНДЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *