Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚҰРЫЛҒАН АРНАЙЫ ЖЕДЕЛ-ТЕРГЕУ ТОБЫ  94 ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫ АШТЫ  

Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арман Арун-Рашидұлы қалалық Ақпараттық-коммуникациялық орталығында берген баспасөз брифингінде айтты.

– 2022 жылы қаламызда тіркелген әрбір интернет-алаяқтық қылмыстарын ашу және толыққанды тергеп-тексеру үшін Полиция департаментінде 4 аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлерінен құралған арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Оған қалалық Полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлері жетекшілік ететін 8 тергеуші, 8 жедел уәкіл жұмылдырылған.

Интернет-алаяқтық қылмыстары расында қазіргі қоғамымыздың ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналып отыр. Осы жылдың өзінде қала аумағында жалпы 3 378 қылымыс тіркелген. Оның 1321-і алаяқтық қылмыстар болса, 366-сы нақты интернет- алаяқтық қылмыстар, — деді Арман Бейсенбаев.

Спикердің сөзінше, жақында топ қызметкерлерімен интернет-алаяқтық қылмыстарына қатысты 1 тұлға құрықталып, тексеру барысында одан өзге адамдарға тиесілі 46 банк карточкалары, 6 ұялы телефон және 20 сим-карта алынған. Тексеру барысында ол аталған банк карточкаларын құпия сөзімен өзгелерден сатып алған. Өзінің сыйақысын алып қалып, қалған ақшаны алаяқтық әрекеттерінің ұйымдастырушысына жолдап отырғаны белгілі болған.

Қазіргі таңда 5 күдікті анықталып, 2-і Ресей Федерациясында құрықталып, экстрадициялануда, ал 3 күдікті қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы олардың 20-ға жуық қылмысты жасағаны анықталып отыр.

Сонымен қатар баспасөз жиынында Арман Бейсенбаев қазіргі өзекті қылмыстарды да атап өтті. Олар: жалған абоненттік нөмірлерді емін-еркін пайдалану, интернет-алаяқтық қылмыстарының басым көпшілігі банк саласындағы операциялар, микроқаржылық ұйымдардың жұмысымен байланысты екенін айтты.

Баспасөз брифингінде полковник қала тұғындарын сақ болуға шақырды. Яғни жеке құжаттарын ешкімге бермеуді және белгісіз азаматтар өзін банк қызметкері ретінде таныстырып немесе күдікті болған жағдайда жеке дереккөздерін ешкімге айтпауға шақырды!

Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығы

ШЫМКЕНТ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

Алдыңғы

М.ӘЙТЕНОВ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *