Жаңалықтар

КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің аудан тұрғындарымен есепті кездесуі жалғасуда.

Бүгінгі кездесуге Әл-Фараби ауданындағы 6,7-сектордың 500-ден аса тұрғыны келді. Одан бөлек, халық қалаулылары, қоғамдық кеңес мүшелері мен жергілікті атқарушы орган басшылары да қатысты. Жиында шаһар басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылуы туралы баяндап, осы жылғы жоспарларды мәлімдеді.

6 және 7 сектор — Республика даңғылы, Ә.Жангелдин көшесі, «Химфарм», «Забадам», «Сәуле» (195, 275, 276 орамдар) шағын аудандары, «Текесу» мен «Ақтас» елдімекендерін қамтиды. Аумақта атқарылар жұмыстар бойынша аудан әкімі Р.Мыңбаев баяндама жасады.

Биыл «Сәуле» ш/а Жаңабазар көшесіндегі 40-тан астам үй және «Текесу» тұрғын алабы ауыз сумен, «Сәуле» шағын ауданы 276-орам табиғи газбен қамтылатынын айтты.

Мұнда барлығы 164 көше бар: 103 көше асфальтталған болса, 61 көшеге шағал тас төселген. 2025 жылға дейін тас жолдардың мәселесі толығымен шешіледі деп жоспарланған. Өткен жылы 1,2 шақырымды құрайтын 2 көше асфальтталған.

Қаланың, аумақтың даму бағыты баяндалған соң тұрғындар қала әкіміне сұрақтарын қойды. Шалғай орналасқан елдімекендер жарықтандыру, ойын алаңшалары, интернет мәселесін көтерді. М.Әйтенов әрбір мәселеге жеке тоқталып, басқарма басшыларына тиісті міндеттер жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

№34 БАҒЫТТАҒЫ АВТОБУСТАР ЖАҢАЛАНДЫ

Алдыңғы

РЕСПУБЛИКА ДАҢҒЫЛЫ МЕН Ә.ЖАНГЕЛДИН КӨШЕСІНІҢ АУМАҒЫНДА 4 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *