Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕГІ АЙТ НАМАЗЫНА  8 000-нан АСТАМ ЖАМАҒАТ ҚАТЫСТЫ

 Шымкент қаласының барлық мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды. 

Алдымен қаланың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы Ақмешітке жиналған жамағатқа еліміздің Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізді.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарымен бірге қаланың бас мешітінде өткен айт намазына қатысып, жиылған қауымды бүгінгі айт мерекесімен құттықтады.

—Ораза айты – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады. Рамазан айында әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын береді. Шымкент қаласында мешіттерде Рамазан айының 30 күнінде қайырымдылық іс-шаралар өтіп, жомарт азаматтардың қолдауымен 30 мыңнан астам отбасыға көмек берілді. Оған атсалысқан әрбір шымкенттікке алғысымды білдіремін. Бұл өз кезегінде Шымкент қаласы тұрғындарының бірлігі, мейірімділігі және ынтымақтығының бекем екенін көрсетті, —деді қала әкімі.

Мешітке жиналған 8 мыңнан астам жамағат қасиетті Рамазан айында оқылған Құран хатым арнайы бағышталып, елдің бірлігі мен ынтымағына дұға етілді. Рухани мереке ұлттық спорт ойындарына жалғасып, қала тұрғындары қол күрес, арқан тарту, кіртасын көтеруден күш сынасты. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен кәде-сыйлықтары табысталды.

Бүгінгі айт намазына келген кішкентай бүлдіршіндер мен жамағатқа Рамазан тәттілері мен бауырсақ тарту етілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ 1 АЙДА 14 МЫҢ МЕТР КВАДРАТ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП, 41 КӨШЕДЕ КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алдыңғы

№34 БАҒЫТТАҒЫ АВТОБУСТАР ЖАҢАЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *