Шапырашты мәдениет үйінің ауласына кіргеннен бастап мерекелік жалаушалар, шарлар, лозунгілер ілінген. Сахна тақырыпқа сай безендендірілген.
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған «Бірлік болмай-тірлік болмас» атты мерекелік іс шараға Шапырашты мәдениет үйінің өнерпаздары мен тұрғын алабта орналасқан «Адея,» Балаби»бөбекжайларының тәрбиеленушілері мен барлығы 45 өнерпаз өнер көрсетті. Іс шараны тамашалауға 100 көрермен келді.
Концерттік бағдарлама аясында Қазақстанды мекен ететін түрлі ұлт пен ұлыстардың әндері шырқалып, билері биленді. Барлық өнер көрсеткен өнерпаздарымыз сахна әдебі мен мәдениетін сақтап, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көзі қырағы көрерменнің ризашылығына бөленді.
Іс шара соңында достық пен ынтымақтың, бейбіт күннің символына айналған ақ көгершіндер ұшырылды. Жергілікті тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй мен әсем,ән,күй сыйлап елдің ризашылығына бөлендік.Іс шара барысы толығымен сурет пен таспаға алынды.
Comments