Қала әкімі Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуінде елді мекендерді инжинерлік-инфрақұрылыммен қамту барысын айтып, алдағы жұмыстарды баяндады.
Бүгінгі кездесуге Қайтпас шағынауданының ттұрғындары да қатысты. Аталған ауданға ауыз су, электр жарығы және табиғи газ толық тартылған. Қайтпаста 55 көшенің 90 пайызы асфальттанған, 5 көшеге тас төселген. 2021 жылы №8 көше жөндеуден өткен. 2023-2025 жылдары аралағында 24 көшеде құрылыс жұмысы жүргізіліп, қайта жөндеуден өтеді.
Басқосуда көшелерді жарықтандыру жайы да айтылды. Шағынауданда қазір 6 көше жарықтанған. 2021 жылы Қаһарман, Сіргелі, Алтынсарин, Академическая көшесі,
2022 жылы Сарыжайлау, 2023 жылы Исламқұлов пен Болашақ көшесіне кешкі шамдар орнатылады. Шағынаудан биыл толық сапалы интернетпен қамтылады. Ал, балалар ойын алаңын орнатуға қазір жер анықталып, заңдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments