Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 1000 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫН ОРНАТУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шаһар аумағында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қала ету мақсатында жыл сайын көшелерге және көп қабатты тұрғын үйлерге қойылып жатқан бейнебақылау камераларының саны артып келеді.

Нақтырақ айтсақ, былтыр қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағында қосымша 3137 бейнебақылау камералары орнатылды. Оның ішінде 877 көше қиылыстарына, 800 желілік учаскелерге және 1500 жалпы бейнебақылау камералар. Ал биыл қосымша 1000 бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр. Оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікке арналғаны – 800 болса, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 200. Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы арқылы басқарылады.

Қаланы бейнебақылау камералармен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Нақтырақ айтсақ, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар арқасында технологиялық серпіліс» Ұлттық жоспарына сәйкес, 2023 жылы 1500, 2024 жылы да 1500, ал 2025 жылы 2500 бейнекамералар қойылмақ.

Жалпы қала тұрғындарының қауіпсізідігі үшін бейнекамерлардың маңызы орасан зор. Өйткені, бүгінгі таңда бейнебақылау жүйелері қауіпсіздік қамтамасыз етудің ең тиімді техникалық құралдардың бірі.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Қала аумағында «Нөлдік жарақат – Vision Zero» Тұжырымдамасын іске асыру туралы

Алдыңғы

ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЖАН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ ТИІС 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *