Қала әкімі Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуде кәріз жүйесімен қамту жұмыстарының барысына тоқталып өтті.
Еңбекші ауданында 34 467 абонент (52 пайыз) кәрізбен қамтылған. Қамтылмағаны – 28 502 (43 пайыз), жекеменшікте – 3 314 абонент (5 пайыз).
Қазіргі таңда Еңбекші ауданында Ұлағат (2248 абонент), Мирас, Шапағат-2 (1690 абонент), Солтүстік-шығыс (480 абонент), Жұлдыз тұрғын алабында (260 абонент) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстары 2021-2022 жылдарға жоспарланған.
Қаланың 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Еңбекші ауданында жыл соңына дейін кәрізбен қамтылу көрсеткіші 59 %-ға өседі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments