Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданының 2 сектор тұрғындарымен кездесуінде елді мекендерді ауызсумен қамту жағдайы баяндалды.
Бүгінгі кездесуге Қаратөбе, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Бадам, Бадам-2, тұрғын алабтары мен Оңтүстік, Көксай-2,3, Жас дәурен, Цементшілер, Шымкентстрой, «11», «12», «13» шағын аудан тұрғындары қатысты. Осы секторларда 62 582 абонент ауыз сумен қамтылып, көрсеткіші 94,4 пайыз. Қалған 3 701 абонентті қамту жұмысы кезең-кезеңмен атқарылуда.
Өткен жылы 6 елді мекендегі 2 372 абонентке сапалы су тарту үшін жобалық сметалық құжат әзірленген. 2022 жылы жобасы дайындалған Тоғыс, Айнатас, Жыланбұзған, Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе тұрғын алабтарына құрылыс жұмысы жүргізіледі. Осы құрылыс үшін бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр.
Ал, Оңтүстік(989 абонент) пен Бадам (340 абонент)тұрғын алабының жаңақұрылыс аумағы үшін жобалық сметалық құжат әзірлеу 2023 жылға жоспарлануда. Жалпы осы 15 елді мекен 2024-2025 жылы ауыз сумен толық қамтылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments